Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан үшін тылда еңбек еткен ардагерлерге көрсетілетін құрмет – бүгінгі буынның парызы мен адамгершілік борышы.
Осыған орай, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4 қалалық емхананың қызметкерлері тыл еңбек ерлері Эльвира Ляшенко мен Анна Ножгинаға арнайы барып, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетті. Емхана мамандары апалардың денсаулығын тексеріп, тиісті медициналық кеңес берді. Сонымен қатар, олардың күнделікті тұрмыста қажет ететін негізгі мұқтаждықтарын жеткізіп берді.
Эльвира Серафимовна – Ұлы Отан соғысынан кейін «Шымкент» қонақ үйінде администратор болып ұзақ жылдар еңбек еткен, қазіргі таңда жалғыз тұратын зейнеткер. Қарт ана өз үйінде жүріп-тұруы қиындағандықтан, балдақ пен ходунокқа сүйеніп өмір сүруде. Ал Анна Стефановна – соғыс жылдары колхозда еңбек етіп, кейінгі жылдарын қарапайым жұмысшы ретінде өткізіп, бүгінгі таңда да жалғыз өзі өмір сүріп отырған жандардың бірі. Екі ана да Жеңістің 65, 70, 75 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.
Ардагерлердің көзінен қуаныш пен ризашылықты көру – емхана ұжымына үйреншікті жағдай. Олай дейтініміз емхана дәрігерлері тұрақты түрле ардагерлердің жағдайын кезек-кезек келіп, біліп тұрады екен. Бұл – құрмет пен қамқорлықтың сөзбен емес, іспен көрсетілгенінің көрінісі болды.
“Шымкент келбеті”