• 26.07.2026 15:33

Құрылтай сайлауы: нені білу керек?

Автор:jsk.kz

Июл 26, 2026

 

Құрылтай сайлауын өткізу – елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бастама өкілді билікті нығайтуға, азаматтардың заң шығарушы органды қалыптастырудағы рөлін арттыруға және саяси жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Құрылтай атауы қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрлеріне негізделген. Ежелгі дәуірде құрылтайлар халық өміріндегі маңызды мәселелер қаралатын, мемлекеттік шешімдер қабылданып, елдің болашағына қатысты бағыт айқындалатын жоғары кеңес қызметін атқарған. Сонымен қатар, құрылтайлар қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін тоғыстырып, ортақ шешім қабылдаудың маңызды тетігі болған.

Бүгінде осы тарихи атаудың қайта жаңғыртылуы ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын сақтай отырып, заманауи саяси жүйені дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді. Құрылтай институты азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.

Автор: jsk.kz