• 10.04.2026 21:14

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Автор:admin

Апр 10, 2026

2026 жылғы 11 сәуір күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Таза қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді.

Аталған акция барысында қала аумағындағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстары жүргізіледі. Олар:

Абай ауданы:
• «Шымсити» саябағы (Алатау, Абылай хан, Әбілхайыр хан көшелерінің бойы);
• Асар шағын ауданы (Жейхун көшесінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы);
• Ақжайық шағын ауданы (Қ. Төлеметов және Көкшетау көшелерінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы).

Әл-Фараби ауданы:
• Сәуле шағын ауданы (Отырартөбе көшесі, Көксай-1, Көксай-2 және Көксай-3 көшелері).

Еңбекші ауданы:
• Қапал батыр көшесі (көпір маңы);
• Қаратөбе тас жолы;
• Қапал батыр көшесі (ШМӨЗ баратын жол).

Қаратау ауданы:
• Нұртас шағын ауданы (Д. Қонаев атындағы мектеп жанындағы автотұрақ).

Тұран ауданы:
• Самал-1 шағын ауданы (Өтегенов және Алтынжол көшелерінің қиылысы).

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның белсенді қатысуы туған қаламыздың көркеюіне үлес қосады.

Бірге таза, көрікті Шымкентті қалыптастырайық!

Тазалық – өзімізден басталады!

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Шымкент #Сенбілік

Автор: admin