• 28 апреля, 2024 7:18 пп

Қызылжарлықтар сапалы интернетке қол жеткізбек!

Автор:admin

Окт 11, 2023

Қызылжарлықтарды сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған. Бүгінде Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Алапта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3. Жарықтанырылған көшелер саны — 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылған. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының дерегінше, интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Нәтижесінде 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды. Ал, өткен жылы қала аумағына және қаладан шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станция А-2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ, Тассай, Құрсай, Р-32, Ынтымақ-2, Абдулабад, Забадам, Қайтпас-1, Нұртас, Асар, Самал-3 шағынауданына базалық станциялар орнатылып, жалпы он төрт тұрғын алабының 136 071 тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Сонымен қоса, қаладан шалғай орналасқан 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізіліп, жүз мыңға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтылды. Қалада базалық станциялар орнату жұмысы 2020 жылы үш кезең негізінде қолға алынған. Алғашқы кезеңде қалада 11 нүктеге станция орнатылып, мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 82% құрады. Осы жылы интернетпен қамтудың ІІ-кезеңінде 14 нүктеге базалық станциясын орнату жұмысы жүруде. Оның 8-і инвестор есебінен, 6 нүкте байланыс операторлары жеке нысан иелерімен бірлесе атқаруда. Әзірленген Жол картасы шеңберінде сапасы төмен аумақтарға 2022-2023 жылдары базалық станциясын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жүзеге асырылса, қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтылады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin