• 20 апреля, 2024 1:23 пп

Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректорының ұлын атып кеткен күдікті ұсталды

Автор:admin

Ноя 28, 2022

Қаңтар оқиғасында қаза болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Jsk.Kz

Бас прокуратура растаған ақпаратқа сәйкес, күдікті 21 қазанда қолға түскен.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды, — делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, биыл 11 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 6 қаңтар күні сағат 18:35 шамасында комменданттық сағат басталғанға дейін автокөлікпен үйіне қарай қайтып келе жатқан. Назарбаев көшесінің жоғарғы жағында Сәтпаев көшесіне жетер-жетпес жердегі қиылысқа аялдаған кезде белгісіз біреулер кенеттен оған оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар оқиға орнында көз жұмды.

Автор: admin