• 20 мая, 2024 12:11 дп

Қаржы сауаттылығы: Жеке тұлғалар депозитті қандай банктерден ашқаны дұрыс?

Автор:admin

Июл 16, 2023

– Барлық коммерциялық банктерде депозиттік операциялар бір тәртіппен жүргізіледі. Бірақ әр банктерде депозиттердің әртүрлі формалары мен талаптары бар. Сондықтан да банкті таңдау ол клиенттің жеке шешімі. Сонымен қатар, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» (ҚДКБҚ) акционерлік қоғамы арқылы әрбір салымшының қаражаты кепілдендіріледі. 2015 жылғы 27 сəуірдегі  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сəйкес жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем сомасы өзгермеген. Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша əр түрлі бірнеше кепілдендірілген депозиттері бар болса, онда мемлекеттік кепілдік мөлшері 10 миллион теңгеден аспайды. Сондай-ақ, қосымша табысты табудың екінші қаржылық инструменті ретінде бағалы қағаздарды алып қарастырсақ болады.  Елімізде IPO бағдарламасы арқылы халықтың сәл де болса, қаржылық сауаттылығы артып, біршама оң көзқарас қалыптасқан болатын. Бірақ бұл бағдарламаны аз ғана адамдар пайдалануда. Бұл орайда дамыған шетел мемлекеттері секілді инвестициялық-консалтингтік және брокерлік компаниялардың қызметіне жүгіне отырып, жақсы пайда табуға болатынын атап өтер едім.  Ел аузында жүрген «Фридом Финанс» ИК және «L-Сapital» АҚ – қаржы ресурстарын ұлғайтушы компаниялар. Аталған компаниялар бағалы қағаздарды сатып алып сатумен айналысуға көмегін тигізетін қаржылық мекемелердің бірі. «L-Сapital» АҚ өз акциялары мен облигацияларын эмиссиялап қана қоймай, сол сияқты халқымыздың қаржылық сауаттылығын арттыруға септігін тигізуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin