• 9 мая, 2024 11:50 пп

Қаржы сауаттылығы дегеніміз не?

Автор:admin

Апр 20, 2024

Бүгінде «қаржылық сауаттылық» түсінігі саяси, географиялық және әлеуметтік–экономикалық шектерден де тыс қолданылады, ал халықты қаржылық ағарту қажеттілігі геометриялық прогрессиямен өсіп келеді. Халықаралық қаржылық нарықтардағы тұрақсыздық халық үшін қаржылық сауаттылықтың қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді. Қаржылық дағдарыс қарсаңында халықты ипотекалық несиелендіру қарқынды жүріп жатты. Көптеген адамдар аз білгендіктен және қандай да бір қаржылық құралдарды және оларды пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне дұрыс баға бермеуі себебінен өздеріне шамадан тыс міндеттемелер жүктеді. Осы жағдайлардың салдарынан қаржылық жетіспеушіліктер пайда болды. Халықтың инвестициялық сауатының деңгейі төмен болуы себебінен жеке қаржылық құралдар мен қаржылық нарықтың сегменттері нашар дамуда. Институтционалды көзқараспен қарағанда қаржылық сауаттылық құрылымдық құрал болып табылады. Ол экономикалық саясатты тұрақтандыра түсуге және оны демеуге мүмкіндік береді, өйткені мемлекет қолданған шараны халық айқын түсінетін болады. Оған қоса, қаржылық сауаттылық қаржылық нарықтың дұрыс дамуының кепілі бола отырып және сол себептен қаржылық тұрақсыздықтың алғышарттарының пайда болуына жол бермей, қаржылық нарықтың тұрақты қызмет етуіне әсер етеді. Сондықтан халықтың қаржылық сауатының деңгейін жоғарлату мәселесі макроэкономикалық көзқарастан да маңызды болып табылады. Қаржылық білімді ұштай түсу керек екендігін сезінудің өзі жаңа глобальді экономика құрудағы талаптардың бірі болып табылады. Микроэкономикалық деңгейде қаржылық сауаттылық адамдарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өзінің өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға көмектеседі. Қаржылай жетістікті қоғамды үш фактор арқылы анықтауға болады. Бірішні фактор – бұл халықтың қаржылық құралдарды пайдалану бойынша және қаржылық институттардың жұмысы туралы тәжірибесі мен білімінің болуы, сонымен қатар қаржылық үрдістерді және олармен байланысты тәуекелді түсінуі.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin