• 21 мая, 2024 8:41 дп

Қаржы дағдарысының дауасы – жедел шешім

Автор:admin

Апр 17, 2024

Мұнайдың бағасы бір өседі, бір түседі. Қазір де мәз емес. Бюджеттің кіріс бөлігінде де айтарлықтай өзгеріс бар. Қазына қаржысы жыл сайын нақтыланып, оның параметрлері бір жылға бекітіледі де, қалғанын халық қалаулылары тек индикативтік, яғни үлгі нобайы түрінде қабылдайды. Келер жылдың бюджеті бір-біріне сәйкес келмей, кейбір бағдарламалардың орындалуына қатысты күтпеген жайсыз жағдайлар орын алып жатады. Жалпы, әлемдік экономиканың құбылып тұрғанын ескерсек, бізге бір жылдық бюджет жобасын қайта қарастыру, қандай да бір жағдайдың алдын алу сақтық үшін керек. – Бірақ бес жылдық немесе үш жылдық жоспардың күні өтті дегенді білдірмейді. Қаржылық-экономикалық дағдарысты еңсергеннен кейін біз ұзақ жоспарлауға қайта оралатын боламыз. Ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиялық бағдарламаларды орындауға мүмкіндік береді. Бюджет қаржысының игерілмеуі – ел экономикасына қажетті қаржылық жүйенің сыр бергендігі ғана емес, мемлекеттік құрылымдардың бетімен кетуімен пара-пар жайт. Бюджетке енгізіліп отырған бағ­дарламаларға жауапты әкімшілік­тер өздерінің осы үшін жауапты екендіктерін сезінбейді, себебі ол заңдық деңгейде бекітілмеген. Яғ­ни ойыңа келген бағдарламаны енгіз, жүзеге аспай жатса, сен жауап бер­мейсің деген сөз. Нәтижесінде, бюд­жетті құру кезінде еш негізсіз тым жоғары шығындар жоспарға енгізіліп, бұрынғы бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелері, бақылаушы органдардың осының алдындағы бюджеттерді тексеру кезіндегі сындары есепке алынбайды. Нормалар мен нормативтер сақталмайды. Міне осы және өзгеде бюджетке салмақ салатын бағдарламаларды тиімді қолдана білсек ғана мемлекетіміздің қазынасы үнемделіп, тиісті деңгейде индикаторлар жұмыс жасайды.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin