• 17 мая, 2024 3:20 дп

Қаржылық сауаттылық – қаржылық білім берудің үздіксіз процесі!

Автор:admin

Авг 15, 2023

Қаржылық көрсетілетін қызметтердің серпінді дамуының, бөлшек өнімдердің онлайн-форматқа және жаңа цифрлық технологияларға ауысуының, неғұрлым күрделі әрі сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына деген сұраныстың өсуінің қазіргі заманғы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері жандандыруды талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, халық пен бизнестің қаржылық көрсетілетін қызметтерге үздіксіз қол жеткізуінің, қаржылық орнықтылықты және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудің шарты болып табылады. Қаржылық сауаттылық қаржылық білім берудің үздіксіз процесі арқылы  іске асырылады, ол халықтың хабардар болуын, қаржылық білімі мен дағдысын, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару бойынша дұрыс әрі сараланған шешімдер қабылдауға көмектесетін әрекет ету модельдерін жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың элементі ретінде қаржылық сауаттылық азаматтардың әл-ауқатының және тұрмыс сапасының жақсаруына әкеледі, тұтынушыларға арналған ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтеді, сондай-ақ халықты қаржылық көрсетілетін қызметтермен барынша қамтуды және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қаржылық сауаттылық деп мынадай құрауыштардың жиынтығы

түсініледі: 1) қаржылық көрсетілетін қызметтер мен құралдарды пайдалана білу; 2) меншікті қаржылай қаражатын басқару дағдылары; 3) халықтың қаржы жүйесі, оның жұмыс істеу қағидаттары, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы халықтың хабардар болу деңгейі. Қаржылық инклюзия және инклюзивті өсу үшін әлеуеті өте жоғары қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтердің жылдам өсіп жатқан цифрлық ортасы жағдайында тұтынушылардың қауіпсіздігі, құпиясы мен жасырын қалуы үшін жаңа тәуекелдер туындауда, сондықтан да қаржылық тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау ерекше маңызға ие. Сонымен қатар реттеушілердің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды қорғау жөніндегі стандартты саясаттары мен тәсілдері сыртқы ортаның

өзгеруіне қарай жетілдірілуге тиіс.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin