• 6 мая, 2024 12:55 пп

Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған тұлға

Автор:admin

Фев 19, 2024

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Сондай мамандарымыздың бірі «Білімді ұлт» жобасының кейіпкері Шымкент қаласының Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің педагог –модераторы Керимбаева Назик Абдыкаримовна. Ол еңбек жолын 2014 жылы №88 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, бүгінгі таңда жаңадан ашылған қаламыздың Д:А.Қонаев мектебіне ауысып, ұстаздық қызметін қалтқысыз атқырып келе жатқан білікті ұстаздардың сабында. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Осы орайда кейіпкеріміз өз жұмысында жас жеткіншектерге СТО әдіс-тәсілдер және деңгейлік тапсырмалармен тест жұмыстары арқылы түрлі әдістерді сабағында қолданып, жаңаша оқыту технологияларын қолданып,оқушылардың танымдық қабілетін жан-жақты дамыта оқытуға баса назар аударып отыр. Назик Абдыкаримовна осы жылдар ішінде бірнеше қалалық олимпиадаларға қатысып, түрлі шараларға байланысты республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Айта өтсек, Шымкент қалалық пән олимпиядасынан 3орын, 1 дәрежелі Диплом Медетбековадан. «Тағылым»журналынан диплом 1 дәрежелі. «Аманат»партиясынан алғыс хат. «Алғыс хат» калалық кәсіподақтан марапат. ПедСтарт олимпиадасынан 3-орын. Жас дарын 2-орын . «Ақ бота» 1-орын. «Самұрық» 1-орын, 2-орын.«Бәйтерек» 1-орын, 2-орын. «Алтын қыран» 2-орын, 3-орын. . «Алтын ұрпақ» 1-орын, 2-орын. «Кенгуру» 1-орындарын иемденіп үлгерді. Кейіпкеріміз сабаққа кіріспес алдын «Ой шақырту» әдісін қолданғанды жөн санайды. Бұл оқушы мен ұстаздың арасындағы кері байланысты арттырып, сабақтың өзектілігін табуға көмектеседі.

Jsk ақпарат

Автор: admin