• 9 мая, 2024 9:42 дп

“Қазына” би ансамбліне 35 жыл толды

Автор:admin

Янв 21, 2024

Би өнерінің тарихы ежелден бастау алады. Әлемде бидің жүздеген түрі бар. Жыл сайын би өнеріне қызығатын адамдар қатары да артып келеді. Бүгін сіздерге 35 жылдық тарихы бар “Қазына” анасамблінің тарихын таныстырып, қызық деректерімен бөлісеміз. Ансамбл 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған. Би тобының алғашқы жетекшісі – Сәуле Балбарақова, ал көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері марқұм Мұса Жарқынбеков болған. Қазіргі таңда ансамбльдің көркемдік жетекшісі және  бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зауре Бекембайқызы. Үздік би ансамблі республикалық,шетелдік талай додаларды бағындырып, әлемге еліміздің атын паш етіп жүр. «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында ұжымның шығармашылық даму жолын айшықтау, би қойылымдарында тақырыпты ашу, сахналық бейнені қалыптастыруда кәсіби біліктіліктерін арттыру, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін би өнері арқылы қайта түлетуді көздейтін ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Әрбір мәдениетте би өнері өзіндік мәні болып, оның қолданыс аясы қалыптаса бастады.

Автор: admin