🔘 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.
«Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады»,
— деді министр.
⏩ Сонымен бірге карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру жоспарлануда.