• 28 февраля, 2026 9:12 дп

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл қағида – еліміздің басты құндылықтары мен даму бағытын айқындайтын берік тұғыр.

Демократиялық мемлекет ретінде халық – биліктің қайнар көзі. Әр азаматтың пікірі маңызды, таңдауы құрметке лайық.
Зайырлы мемлекет ретінде ар-ождан бостандығы мен рухани еркіндікке кепілдік беріледі.
Құқықтық мемлекет ретінде заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, әркімнің құқығы қорғалады.
Әлеуметтік мемлекет ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тең мүмкіндіктер жасау – басты міндет.

«Жаңа Конституция» – әділдік пен жауапкершілікке негізделген қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Әр азамат заңды құрметтеп, ел дамуына өз үлесін қосқанда ғана қуатты, біртұтас Қазақстанды бірге құрамыз.

Біздің күшіміз – бірлікте, болашағымыз – заң үстемдігінде!

Автор: admin