• 9 мая, 2024 4:37 пп

Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парақтары енді тек электронды түрде беріледі

Автор:admin

Янв 23, 2024

Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парақтары енді тек электронды түрде қолжетімді болады. 

Енді қызметкерлер еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін ауруханаға бармаса да болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Биылғы жылы толығымен еңбекке жарамсыздың туралы құжаттың қағаз түріндегі нұсқасы алынып тасталады. Еңбекке жарамсыздық туралы анықтама азаматтың рұқсатымен бірден жұмыс берушіде көрінеді. Осыған дейін жұмыс беруші қызметкер ауырып болғаннан кейін, жұмысқа қайта оралғанда ғана еңбекке жарамсыздық қағазын алатын болса, енді еңбекке жарамсыздық парағы ашылған немесе ұзартылған кезден-ақ жұмыс берушіге қолжетімді. Ең бастысы біз бизнес процессті толығымен қарап шықтық. Жұмыс беруші енді құжатқа қол қоймайды. Бұл қызметкер үшін де жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Енді қызметкерлер еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін ауруханаға бармайды”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

 

Автор: admin