• 18 апреля, 2024 9:47 дп

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 24 пайызға қымбаттады

Автор:admin

Дек 12, 2022
Биыл қараша айының қорытындысыда азық-түлік тауарлары бір айда 1,8 пайызға, бір жылда 24,1 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Jsk.Kz ақпарат агенттігі. 

Energyprom.kzпорталының мәліметінше, ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды — 2,4 пайыз. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті. Яғни, әр өңірде 2,2 пайызға қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді — бірден 31,4 пайыз. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында — әр өңірде 25,8 пайыз. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді — 22,6 пайыз.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4 пайыз қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9, көкөністер 11 пайызға өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8 пайызға қымбаттап, келісі 867 теңгеге, апельсин 26,2 пайызға қымбаттап, 959 теңгеге, алма 11,3 пайызға қымбаттап, 528 теңгеге, лимон 8,6 пайызға қымбаттап, 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік 65,4 пайызға қымбаттап, 3,8 мың теңгеге жетті.

Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8 пайызға қымбаттап келісі 691 теңгеге, пияз 26,5 пайызға қымбаттап, 116 теңгеге, қызанақ 14,4 пайызға қымбаттап, 678 теңгеге, картоп 9,9 пайызға қымбаттап, 155 теңгеге жетіп отыр. Ақ қырыққабат (16,5 пайыз), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады.

Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1 пайызға қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің келісі орташа есеппен — 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылуда. Тауық етінің келісі — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20 пайыз қымбат.

Бір жылда нан бағасы — 19,3, жарма — 36,8, макарон өнімдері — 42,2, ұн 43,7 пайыз өсті.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі — 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн — 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне — 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе 1,1 мың теңгеден саудаланды.

Автор: admin