• 8 мая, 2024 6:17 пп

Қазақстандағы партиялар – ел игілігінің және тәуелсіздігінің айқындығы

Автор:admin

Авг 10, 2023

Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мемл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Келешекте саяси және партиялық жүйелер арқылы кең  демократияға, сайлаушылардың өз еркін толық білдіруіне жағдай жасау үшін партиялық жүйе мен партия құрылысында терең өзгерістер жасалуы керек. Және ол бұрынғыдай жоғарыдан емес, төменнен- халықтың өз бастамашылығы, ынталығы арқылы жүзеге асуы маңызды.

Сонымен бірге, еліміздегі саяси-партияның аренадағы өзгерстерді де  есепке алуымыз керек. «Нұр-Отан» сияқты 1 млн. мүшесі бар халықтық демократиялық партиясының пайда болуы заңдағы  кемшіліктерді одан әрі  өзекті ете түседі. Енді жоғарыда көрсетілген саяси партияларға қатысты жүргізілген саясат мәселесіндегі теңсіздік тереңдейтіні сөзсіз. Әсіресе бұқаралық  ақпарат құралдарымен саяси партиялар туралы ақпарат тарату, саяси партияларға тең жағдай  жасау сияқты мәселелер орны ерекше.

Сондықтан Қазақстандық партиялар сайлау үрдісінің белсенді субъектісіне айналуы үшін оның заңдық-құқықтық негізіндегі кемшіліктерден арылу мәселесі  күн тәртібіндегі өзекті  мәселе болып табылады. Бізге қуатты әлеуметтік  тірегі бар, журтшылықтың мүддесін анықтай  алатын , соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы  үшін бір-бірімен өркениетті түрде  тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде  біріккен, сындарлы тұрғыдан   өзара ынтымақтасатын  партиялар юолкға тиіс. Елдің жедел дамуына  бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдаруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті партиялары бар осы хаманғы партиялық жүйені қалыптастыруға кірістік, деді.

Қорыта айтсақ, Қазақстан  саяси  дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Енді  салалық партиялар саясатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік бірінші кезекке шағырылмақ. Отандық саяси жүйе өркениетті елдердегі бір-бірімен шанайы бәсекелесе алатын босағасы берік оңшыл, солщыл, центристік  тармақтар бойынша дамымақ.

Саяси  партиялар бағдарламаларын  талдау негізінде мынадай қорытынды  жасауымызға болады; 1) партиялардың  басым көпшілігінің   әлеуметтік негізі нақты емес; 2)  «Ақ жол», «Азаматтық» және «Демократиялық таңдау партиялары» өздерін азаматтар  партиясы деп жариялайды ; 3) өздерін патриоттар партиясы деп аттас партиямен қатар «Ақ жол», «Отан», «Асар» партиялары есептейді; 4) тек «Аграрлық» және «Ауыл» партиялары  ғана өздерінің әлеуметтік негіздерін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлер деп анық көрсеткен. Құрылтайға 4000-  ге жуық делегат қатысты. Бұрынғы экс-премьер С. Терщенко партияның төрағасы болып сайланды. 2004 жылы  12 наурызда өткен кезектен  тыс VI съезінде партия төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Парламенті Мәжілісінің  төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевия Павлов сайланды.

Соңғы жылдары әсіресе, Президент сайлауы қарсаңында  сан түрлі бағыт ұстанған партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық қозғалыстар мен ұйымдар, кәсіби және өзге де одақтар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары өмірге келді. Мысалы, соның бірі «Қазақстанның Республикалық Халықтық» партиясы төрағасы бұрынғы экс-премьер Ә. Қажыгельдин. 1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды.

Партияның алға қойған мақсаттарының  бірі  адам құқығы мен бостандығы сақталған құқықтық мемлекет құру деп  жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына  қарсы  шықты. Бұл бағытта бірнеше  шаралар жасауға талпыныс та білдірді. Партия мүшелерінің қайта тіркелуі  үшін 50 мың мүшесі болу керек. деген заң талабына байкот жариялады.

«Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы  1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген «Азамат» қоғамдық қозғалысының негізінде  құрылған. Тең төрағалары М.М. Әуезов, Ғ. Әбілсейтов, П.В. Своик. Жетекшілірінің әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты  партия жұмысын тоқтатты.

«Азаматтық партия», төрағасы Перуашов Азамат Тұрлыбекұлы. Ол 1996-98 жылдары Президент әкімшілігінде  Стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгеушісі қызметінде болған. Партияның ОК екінші хатшысы Дүйсенбай Дүйсенов 1996-97 жылдары үкіметті  вице-премьердің орынбасары болған. Партия 1998 жылы 17 қарашадан Ақтөбеден өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны құрған бастамашылар «Алюмини-Қазақстан», АҚ, Жезқазған мыс қорыту заводы, Ақтөбе феррасплав заводы, Ақсу Евразиялық эенргетикалық корпарациясы кәсіпорындарының ұжымдары. Қазір Әділет министрлігі  партияны қайта тіркеуден өткізген кездегі мүшелерінің санын 63458 адам деп отыр. Ал партия жетекшілері өз мүшелерін 105303 адам деп жариялауда.

Қазақстанның «Патриоттар» партиясының  төрағасы-ҒаниЕснекелдіұлы Қасымов бұрынғы Кеден комитетінің төрағасы.  Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің құрылтай  съезін шақырып өмірге  келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда  Әділет министрлігінен қайтадан тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар.

Қазақстанның аграрлық партиясының төрағасы-Ромин Ризұлы Миданов 1997-99 жылдары бұрынғы премьер-министр Н.Ғалымбаевтың кеңесшісі болған пария жетекшілігін қатар атқарған. Қазақстанның аграрлық партиясы өз құрылтайын 1999 жылы 6 қаңтарда  өткізді. Ал әділет министрлігінен  тіркеуден өткен күәлігін осы жылы 16 наурызда алды. Қазір партия қатарында 98000 мүше бар. Қайта тіркеуден 2003 жылы 6 наурызда өтті. Идеологиялық жұмысының басты міндеті ретінде ол ауылдың дағдарысқа ұшырауын одан әрі болдырмау деп біледі. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруді  де өзіне міндет етіп алған.

«Асар» қозғалысы 2003 жылы  25 қазанда саяси партияға айналды. Партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Парития жетекшісі  айтуынша «Асар» партиясы центристік  бағыт ұстанады.

2004 жылдың басында  пайда болған «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушы  Заң академиясының ректоры, Жоғарғы Соттың төрағасы және басқа да  лауазымды қызметтерде болған Мақсұт Нарикбаев 29 сәуірде 300 мүшесі бар бұл ұйымын- «Қазақстанның демократиялық партиясы» деп жариялады. Ол партия қатарында 50 мыңнан мүше бар екендігін хабарлады. Алғашқы құрылтайына 398 делегат қатысты. Партияның негізгі мақсат азаматтардың елдің тәуелсіздігін баянды ету жолында топтасу  деп санап отыр. КДП-ның төрағасының орынбасары белгілі диссидент бұрынғы «Азат» қозғалысының басшыларының бірі Хасен Қожахмет болды.

Қазақстандық  партиялардың сайлау үрдісіне қатысуы қазіргі  заманғы өзгерістермен тығыз  байланысты. Саяси- партиялық күштердің  ара-қатынасынан, 2002 жылы қабылданған  «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау  туралы» заңдармен анықталып  отырған партиялық құрылыс мәселелерімен тығыз байланысты.

«Саяси партиялар  туралы» 2002 ж. қабылданған жаңа заңда саяси партия азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында  білдіру және оларды қалыптастыру  ісіне қатысу мақсатында  олардың саяси еркін білдіретін ерікті  бірлестігі ретінде  айқындалған. 1 (Қазақстан Республикасының Саяси партиялар туралы заңы // Қазақстан Республикасы парламентінің жаршысы. №16. Астана. 2002. 18-19бб.) Жаңа заңда саяси партия анықтамасынан мемлекеттік билікті жүзеге асыруға өз өкілдері арқылы қатысу жолымен азаматтардың саяси еркін білдіре алады деген анықтау алынып тасталған. Бұл елімізде қалыптасып отырған саяси шындықты білдіреді, себебі көппартиялық жүйе жағдайында саяси партиялардың барлығы бірдей мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатыса алмайды. Дегенмен, бүгінгі күні саяси партияларды саяси үрдістің белсенді субъектісіне  айналдыруға көп көңіл бөлінуде. Саяси партиялар туралы заң 1996 жылы 30 мамырда және 2002 жылы шілдеде қабылданды.

Соның бірі ретінде «Саяси партиялар туралы» 2002 ж жаңа заңға  сәйкес саяси партиялардың саяси  және сайлау үрдісінің  негізгі субъектілерінің  біріне айналғанын айтуымызға болады. Егер 2002 ж дейінгі заң бойынша саяси партиялардың сайлауға қатысу құқы болып келсе, енді жаңа заң бойынша ол міндетіне айналды. Қазақстан Республикасының «саяси партиялар туралы» заңның 14-бабы 6-пункті бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатарынан екі рет қатыспаған саяси партия соттың шешімі бойынша таратылады. Сонымен, партияның өз мәртебесін сақтауы сайлау науқанына қатысуына байланысты.

Әлемдік тәжірибені  талдай отырып Қазақстанның «Саяси  партиялар туралы» заңындағы  кейбір кемшіліктерді байқаймыз.  Себебі біздің заңда тек Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауына  қатысу мәселесі ғана

қойылған, ал Президенттік сайлау, маслихат депутаттарын сайлауға қатысу

жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарын сайлауға қатыу  талаптары енгізілуі қажет. Бұл  өз кезегінде партиялардың аймақтық, жергілікті бөлімшелерінің қызметін жандандырып, маслихат беделін артырар еді. Жалпы саяси партиялардың тек орталық Алматы, Астана сияқты қалаларда ған белсенді қызмет атқаратыны бәрімізге белгілі.

Алайда кемшіліктерге  қарамастан партиялардан Парламент Мәжілісіне қатысуды талап ету, еліміздегі партиялардың институттануына ықпал етрі сөзсіз. Саяси партиялардың институттануының әртүрлі өлшемдері бар екені белгілі. Мысалы, партиялардың институттануын партия жасы, электоралдық тұрақтылық, заң шығарушы органдағы  өкілеттілік тұрақтылығы және басшылықтың ауысуы сияқты күрделі шкала арқылы анықтауға болады. Ал зерттеушілер Р. Роуз және Т. Маки пікірінше партиялар кем дегенде үш рет жалпыұлттық сайлауға қатысса, онда ол партиялардың институттануының белгісі.

Саяси партиялар туралы заң талаптары «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» заңда толықтырулар енгізілгенде  есепке алынған. «Қазақстан Рспубликасындағы сайлау туралы» заң  азаматтардың  сайлау құқын жүзеге асыруды «Саяси партиялар туралы» заңы негізінде  қамтамасыз етуде. Конституциялық заңның 2004 ж жаңа редакциясы бойынша саяси  партиялар  сайлау блоктарын құруға құқылы. Сайлау блогын заң бойынша  кем дегенде екі  саяси партия  құра алады.  Саяси партиялар сайлау өткізу кезінде  бір ғана сайлау блогын кіре алады. Әрі сайлау блогтарына қатысты Конституциялық заңның саяси партиялар үшін көзделген ережелері қолданады. Өкінішке орай бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялар бұл мүмкіндікті пайдаланып отырған жоқ. 2004 ж. күзінде өткен Парлемнт Мәжілісіне сайлау кезеңінде өз бағдарламаларын жүзеге асыру  мақсатында екі сайлау  блогының құрылуы (АИСТ-Аграрлық-индустриялық еңбекшілер одағы; Коммунистер мен КДП оппозициялық халықтық одағы) АИСТ сайлау блогына жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

«Саяси партиялар туралы»  Заң саяси партиялардың сайлау үрдісіне қатысуын міндеттегенімен, ал сайлау туралы заң бойынша саяси партиялар  сайлау кезінде  кемсітушіліктерге  ұшырағанын байқамау  мүмкін емес. Қазақстан  Республикаснының сайлау туралы заңы төңірегінде  соңғы уақытта өткізілген кездесулер мен пікірталастар оның кейбір кемшіліктерін жоя алған жоқ.

Қазақстандық саяси  партиялар саяси үрдістің белсенді  акторына айналу үшін заңдық-құқықтық негіздерін ретке келтіру керектігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Мұны 2004 жылғы 19 қаркүйектегі Парламент Мәжілісі депуттатырын  сайлау нәтижесінен-ақ көруімізге болады. Сайлауға қатысқан 8 саяси партия мен екі сайлау блогынан жеті пайыздық кедергіні тек үш саяси партия мен бір сайлау бірлестігі ғана өте алады: «Отан», «Ақжол», «Асар», «АИСТ»-сайлау блогы. Бірақ он депутаттық мандаттың жетуін сайлаушылардың  60-62 пайыздан аса дауысына ие болған «Отан» партиясы иеленді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin