• 28 марта, 2024 11:30 дп

«Ыстамбұлдың ең үлкен кітапханасы» дүние жүзінен оқырмандарын шақырады

Автор:admin

Апр 30, 2023

 

Ыстамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами әскери казармасының ғимаратында орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін есігі ашылған кітапхана бес мыңға жуық оқырман қабылдай алады. Бір қызығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Сонысымен туристерге өте қолайлы. Жалпы отыз алты мың шаршы метр болатын кітапханаға  2,5 миллион кітап сыяды. Рами кітапханасында жасыл желекпен қоршалған мың шаршы метрлік жасанды су тоған бар. Мұнда тынығып әрі кітап оқуға болады. Сондай ақ, балалар кітапханасы, цифрлық кітапхана, ересектер кітапханасы және әртүрлі салаға негізделген кітапханалар бар. Өте сирек кездесетін қолжазбалар және 8-9 ғасырлары көшірілген құран кітаптары да бар. Ерекше ескі мәдени ағарту орталығын Осман империясының сұлтаны Мұстафа III тұсында бас уәзір болған Рами Мехмет паша тұрғызған. Әскери казарма өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін пайдаланылып келген. Ал, қалпына келтіру жұмыстары 2014 жылы басталып, 2023 жылы аяқталды.

Автор: admin