• 25 апреля, 2024 6:06 пп

ШЫМКЕНТ: «ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Май 27, 2022

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықта 2017 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Құнды құжат» өңірлік байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып, ХХІ ғасырға лайықты саналы патриот азаматтарды тәрбиелеу, өткен тарихымызға құрмет көрсету және тұрғындардың жеке архивтерінде сақталып қалған жыр-дастандардың қолжазбаларын, тарихи құжаттарды жинақтау,оқушыларды Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуге және сол соғыста қаза тапқан, хабарсыз кеткен жауынгерлердің санын анықтауға, майданнан жазылған хаттарды, награда қағаздарын және басқа да соғысқа байланысты құнды құжаттарды жинақтауға жұмылдыруды көздейді. Жинақталған құнды құжаттар мұрағатқа тапсырылатын болады. Биылғы жылы аталған байқаудың Ережесіне толықтырулар енгізіліп, бірнеше тарихи кезеңдерден тұратын (Көне заманның жыр-дастандары, ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін, Ұлы Отан соғысынан бүгінгі күнге дейін) бағыттар қосылды. Сондай-ақ, «Құнды құжат» байқауының ауқымы кеңейіп, тек қала көлемінде емес, Жамбыл облысының Әдістемелік орталығымен бірлесе өткізілді. Тың мәліметі мен құнды құжаттары бірнеше жұмыстардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар:  БАС ЖҮЛДЕ: Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы – Құрманғазы Эльмира Айбарқызы.  Құнды құжат тақырыбы: «Созақтағы еленбей қалған – Дуана»  Созақ ауданы, Қайнар елдімекенінің күн шығыс бетінде Дуана деген жер бар. 1930 жылдардағы ұжымдастыру мен Созақ көтерілісіне қатысы бар деген адамдардың бәрін қолдан жасалынған лагерге әкеліп жазалаған.

І ОРЫН: Шымкент қаласы №73 «Ақтас» жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы – Эргаш Меруерт Закирқызы.

Тақырыбы: «Сопы Аллаяр шығармашылығы түркі халықтарының ортақ мұрасы – «Сәбат ул ғажизин» қолжазбасы. Қожа Ахмет Ассауидің дәстүрін жалғастырушы Сопы Аллаяр шығармашылығы түркі халықтарының барлығына ортақ мұрасы туралы.

І ОРЫН: Тараз қаласы М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің 8 сынып оқушысы – Нұрбек Қызжібек.

Тақырыбы: «Тарих тағылымы — мұрағатта»

Шербек Сайлаубекұлы, еңбек майданына қатысушы, еңбек ардагері, ұстаз, психолог, Қазақстан журналистер одағының мүшесі туралы.

ІІ ОРЫН: Шу ауданы- Қабылбек Аружан, Шымкент қаласы – Сұлтаниязова Ширин, Меркі ауданы – Дүйсенқұл Еркежан;

ІІІ ОРЫН: Шымкент қаласы – Серік Яссир, Тараз қаласы – Нұрмағамбет Меруерт, Тараз қаласы – Сорока Елизавета, Шымкент қаласы – Оралбек Назерке, Шымкент қаласы – Мейрман Аделя.

Қазылар алқасының құрамы

1.Өмір Шыныбекұлы — №41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, байқау авторы.

  1. Зәуре Оралбаева Абдухамитқызы — Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы
  2. Сейтаева Алтын Кеңесқызы- Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директор орынбасары
  3. Жанболатов Саттар Есбергенович — М.Әуезов Қазақстан университетінің п.ғ.к, аға оқытушысы
  4. Мамраймов Серік Дәулетұлы- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты.

МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Jsk ақпарат

Автор: admin