• 18 мая, 2024 2:26 пп

Шымкент: Қарабастауда ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбыры жүргізілді.

Автор:admin

Окт 6, 2023

Шымкент қаласындағы Қарабастау су құбыры құрылысының 50 пайызы аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Қала әкімдігінің сала басшылығы Қарабастаудағы су құбырларының құрылысымен танысты. Жалпы өткен жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген. Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекеме құрылысты 50% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізді. Атқарылған жұмыстарды бақылаған салаға жауапты басшылығы жауапты мемлекеттік қызметшілер құрылыс нысан құрылысының сапасына мән беруді және кестеге сәйкес дер шағында орындауды жауапты басшыларға мұқият тапсырды. Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100%-ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin