• 5 мая, 2024 7:46 дп

Шымкент қаласы: Әл-Фараби ауданының әкімі өзге де салаларда атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Автор:admin

Сен 11, 2023

Шымкент қаласы: Әл-Фараби ауданының әкімі өзге де салаларда атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

 

Шымкентті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – уақыт талабы. Республикалық мәртебеге ие болғанына 5 жыл толған еліміздің үшінші мегаполисінде түрлі салаларда атқарылған жұмыстар еселене түсті. Бұрынғы топырақ жолдарға асфальт төселіп, көше бойлары мен аулалар абаттанып, жылдан жылға көпқабатты зәулім үйлер көбейді. Бәрінен де қаладан жырақтағы ағайынның қала орталығына жетуі жеңілдеді. Шалғайдағы елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері тартылып, шырайы кірді. Ауыз су, электр жарығы және көгілдір отынмен қамту ісінде де ауыз толтырып айтар жетістік көп. Бүгінде елді мекендердің жаңақұрлысы аумақтарына инфрақұрылым тарту жұмысы қызу жүріп жатыр Аудан аумағындағы 390 көшенің, қазіргі таңда 110- ны жарықтандырылған. 2023 жылы 14 көшені жарықтандыру энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді. Оның ішінде, басқарма тарапынан 8 көше – Күншығыс шағынауданы Әбдразақов, Өзбек, Бөгет, Мәметова, Ж.Тыныбаев көшелері, «Қалалық жүйке аурулар орталығы» және 16 шағынаудандағы көшеде жарықтандыру бойынша жұмыстар толық аяқталған. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Бүгінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 39 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 аулада абаттандыру жұмыстары әкімшілік іс қаралып біткенге дейін тоқтап тұр. Қазіргі таңда аудан аумағында 105 ашық спорт алаңшалары орнатылған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында осы жылы Береке шағынауданы 276-шы орамда ашық спорт алаңшасы орнатылды. Қазіргі таңда Жангелдин көшесі №14 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 1 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасын салынып, халыққа пайдалануға берілді. Шымкенттің экономикалық өсімі инфрақұрылымға қарқын бергенін атай келе, 2023 жылы бұл саладағы тұрғындарды мазалаған өзекті мәселелер толық шешілетінін жеткізді. Мәселен, шаһарда үш жылда, биылды қосып есептегенде, 18 тұрғын алабы ауыз суға қосылып, 60 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылған. 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, 29 500 адам көгілдір отынға қол жеткізген. «2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin