• 20 мая, 2024 9:30 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ КӨПҚАБАТТЫ 65 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Автор:admin

Сен 4, 2023

Бүгін Әл-Фараби ауданы Теріскей шағын  ауданында көпқабатты 65 үйдің ауласында сенбілік өтті. Тазалық шарасына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, «Әл-Фараби» КММ,  «Жасыл ел», «Сенімді Құрылыс» секілді мердігер компанияларды жұмысшылары қатысты. Олар Теріскей шағын ауданындағы  көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе отырып ирригациялык арықтар, аулалалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазартып, ағаштардың сынған бұталарды шығарды және  қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарын сырлады.   Әл-Фараби ауданында сенбілікке 7 техника, 115 жұмысшы қатысты. Аудан әкімдігі алдағы уақытта осындай сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табатынын хабарлайды. Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік ауданымыздың  көркеюіне көп үлесін қосуда. Сенбі күні аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен тазалық айлығына орай «Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру» атты шара өтті. «Аудан тазалығы – баршамызға ортақ» дегенді ұстанған аудан тұрғындары ұйымшылдықпен сенбілікке шықты. Сенбілік барысында  аудан бойынша қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды. Мемлекеттік мекеме ұжымдарының қатысуымен өткен тазалық шарасында ауыл көшелері тазаланып, саябақтардың іші шөптен тазартылып, тал-дарақтары әктелді. Сонымен қатар гүлдер егіліп,  қоқыс қалдықтары арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Аудан әкімі аппаратының  мамандары  тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, аудан тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырды. Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып «Жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсаты – туған жерді аздырмай, қолдан келгенше жайқалту. Қашанда халық үшін тазалық – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin