• 28 марта, 2024 8:07 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 17 СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 1, 2022

Шымкент 2200 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның ең ескі қаласы. Бұл фактіні археологтардың өзі растаған. Бір ерекшелігі, мұнда жылына 300 күнге дейін күншуақты ауа райы сақталады. Қысы жылы, жазы өте ыстық және ұзақ болатын Қазақстанның ең шырайлы өңірі.

Шымкент аумағы және халық саны бойынша республикада үшінші орын алатын қала. Шымкенттің қалалық алаңы Мәскеудің аумағымен бірдей. Өткен жылы Шымкенттің аумағы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, тіпті Мәскеуден асып түсті. Міне, шымкенттіктер өңірдің осы артықшылығын да мақтан тұта алады. Қала мәселелерін қарауда аса мұқияттылықты қаржысының игерілуі, оң бағытта жұмсалуының өзі қалалық мәслихат депуттарымен қала активінің дұрыс шешім қабылдауында екені сөзсіз. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қала мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессия отырысында қала бюджетінің атқарылуы, инфрақұрылымды дамыту және медициналық көмек пен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың есебі мәслихатта тыңдалып бірқатар мәселелер көтерілді. Бұдан бөлек, үшінші шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Сессияда қала мәслихатының шешімімен 2022 жылға арналған қала бюджет  нақтыланды. Бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгеге құрады. Қосымша қаралған қаржылар қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.

Қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшері айына 27,3 теңге болып бекітілді.

Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың тізбесіне толықтырулар енгізіліп, 2 дерт бойынша 25 дәрілік зат тізіміге қосылды.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ақпан айында бекітілген қала тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесіне өзгерістер енгізілді. Айта кетсек, осы жылдың І жартыжылдығында 84 кездесу өтіп, 8 мыңнан астам адам қатысқан. Жиын барысында тұрғындардан 874 мәселе бойынша ұсыныс түскен.

Сонымен қатар, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру бойынша 10 азаматтың кандидатурасы бекітілді.

Жиын соңында М.Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін шешімдер қабылдаған депутаттар корпусына алғысын жеткізді.

– Күні кеше қаламызда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

Бұл шараны ұйымдастыруда сіздердің үлестеріңіз мол. Осыған орай, Сіздерге алғысымды білдіремін! Сонымен қатар, 19 маусымда Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесін алғанына 4 жыл толады. Қала күніне орай бірқатар маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Сіздерді іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз, -деді қала әкімі.

Jsk ақпарат

Автор: admin