• 18 мая, 2024 4:14 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАНАШЫР АЗАМАТТАР  ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

Автор:admin

Сен 4, 2023

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аралдықтар бүгін аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында қала бойынша тазалық жұмыстарына 1340 адам, 8 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 520 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, 58 метр куб көлемінде жауын-шашыннан жиналған су шығарылды. Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.  Бүгін Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті.  Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдіктерінің мен қалалық басқармалардың,  жекеменшік ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері,  кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысып, шаһардың тазалық жұмыстарына үлес қосты. Мәселен, Еңбекші ауданында сенбілікке қатысушылар қоғамдық орындарды, көше бойларын, аялдамаларды, аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды қоқыстан тазалады. Арық-атыздардың іші тазаланып, ағын судың келуіне әзірленді. Ағаштардың жаз бойы қураған бұталары оталып, жасыл желек ретке келтірілді.  Осынау ауқымды жұмысқа «Еңбекші» КММ-інің 123 жұмысшысы, аудан әкімі аппаратының 70 қызметкері, «Группа Интеко» серіктестгігінің 250 жұмысшысы мен 23 техникасы, «Жасыл Ел» компаниясының 32 жұмысшы мен 4 техникасы қатысты.  Сонымен қатар Еңбекші ауданы тұрғындары мен кәсіпкердің арасынан табиғат пен қоршаған ортаға жанашыр 700 ынталы азамат сүйікті қаламыздың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin