• 18 мая, 2024 10:36 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЕЛТАЙДАҒЫ ЖЕТІ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Автор:admin

Сен 5, 2023

Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда. Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Еліксай, Саяқ (Жаңару), Нұрлысай, Қаратас, Ақмоншақ, Нұрсая, Балауса көшелеріне асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады. Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала  аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды, соның 25 мың шақырымы — республикалық маңызы бар жолдар, ал 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.Республикалық маңызы бар жолдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағында, деп хабарлайды Jsk.kz ақпарат Мемлекеттік тапсырма аясында дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүзеге асырады.Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желісі жергілікті атқарушы органдардың қарауында.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков атағандай, 2022 жылы республикалық желі бойынша барлығы 11,6 мың шақырым жол жұмыстарымен қамтылды. « Оның ішіндегі 4 мың шақырымы құрылыс және реконструкциямен қамтылып, соның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды.Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың шақырым жол қамтылды, 679 шақырымы аяқталды.Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4,6 мың шақырым жол қамтылды, оның ішінде 3 мың шақырымы аяқталды.Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 91%-ға, жергілікті желі бойынша 85% — ға дейін ұлғайтылды», — деді ол.

Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылмақ. Елімізде бірнеше бағыт бойынша мыңдаған шақырым жол жөнделіп жатыр.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin