• 27 апреля, 2024 8:35 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ

Автор:admin

Мар 21, 2024

🔷 Бүгін Наурыз  қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға

пәтер кілттерін табыс етті.

  

🔷 Жаңа жыл қарсаңында «Тілектер шыршасы» дәстүрлі акциясында  София Уркумбаева Президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды.

🔷 Сонымен қатар, Ғабит Әбдімәжитұлы төрт бөлмелі пәтердің кілтін Марина Гафароваға табыстады.

🔷 Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел  отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.

🔷 Осыған дейін  қала әкімі көпбалалы ананың ерлігіне алғысын білдіріп, төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстауға уәде берген болатын.

🔷 Кілт тапсыру рәсімінде Софияның әкесі Рүстенбек Үркімбаев пен Марина Гафарова Мемлекет басшысына ерекше алғысын білдірді. София да өзінің қуанышын жасырмай, өлең оқып, оны ел Президентіне жолдады.

Автор: admin