• 19 мая, 2024 3:36 дп

Шымкент қаласының шалғай аудандарын сапалы электр желілерімен қамту жұмыстары

Автор:admin

Ноя 15, 2023

Биыл 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша берген баспасөз брифингте мәлімдеді. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Олар: Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай елді мекендері. Ағымдағы жылдың соңына дейін электр қуаты сапасыз барлығы 6 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді. Бүгінде Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар:  Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты. 2023 жылдың 10 айлық қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде, қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98% –дан – 99%-ға өседі. Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланған. Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Атап айтқанда, жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады. (64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады) Сонымен бірге, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Шымкенттегі 81 елді мекеннің 31-і табиғи газбен жартылай, 8 елді мекен қамтылмаған. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2024 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын  жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елді мекендері  және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталатын болады.  Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші  93%-дан –  94,7%-ға жететін болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin