• 9 мая, 2024 4:35 дп

«Шымкент қаласында этномедиацияны дамыту мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Автор:admin

Ноя 23, 2023

Шымкент қаласында ел бірлігін нығайтып, этносаралық қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеру үшін Шаһар әкімдігінің қолдауымен “Достық үйі” ғимаратында «Шымкент қаласында этномедиацияны дамыту мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткен болатын. Іс-шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Өсербаев ашты. Семинарға «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы  Адаев Мұхар Мұхтарұлы,  педогогика-психология магистрі, тренер-коуч, практикалық психолог, «Еуро Азиялық медиация орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы – Қожахметова Гүлжан Бектайқызы арнайы келіп, этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстарды алдын алу бойынша өз дәрісін оқып қатысушыларға тұшымды ойларымен бөлісті. Семинар-тренингке тыңдаушы ретінде Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау,Тұран аудандары әкімдіктерінің этносаралық салаға жауапты қызметкерлері, басқармалардың, құқық қорғау органдарының, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, жалпы саны 50-ден аса адам қатысты. Үш күндік семинар-тренинг барысында «Этносаралық қақтығыстардың дамуының негізгі кезеңдері», «Әлеуметтік-тұрмыстық жанжалдардың этносаралық  қақтығыстардан айырмашылығы», «Этносаралық қақтығыстардың шиеленісуіне ықпал ететін факторлар», «Этносаралық қақтығыстардың  анатомиясы. Қақтығыстардың  түрлері (А,В,С), қақтығыстар эскалациясының сатылары, этносаралық қақтығыстардың даму фазалары», «Көпшілік  алдында сөйлеу және оған жазбаша дайындық» (интерактивті пікірталас), «Әлеуметтік медиадағы коммуникациялық менеджмент»,  «Шешендік өнер. Практикалық кейстерді талдау» тақырыптарында шағын дәрістер, талқылау-дискуссиялар, ой-пікірлерді қайта құрастыру бойынша практикалық жұмыстар өту жоспарланды.

Автор: admin