• 18 мая, 2024 6:48 дп

Шымкент қаласында инфрақұрылым саласында атқарылған жұмыстар

Автор:admin

Сен 16, 2023

Қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша биыл Абай ауданында 60 көше пайдалануға беріледі. Жалпы аудан аумағында 1274 көше бар. Оның ішінде 573 шақырымды құрайтын 688 көшеге асфальт, 540 көшеге шағал тастары төселген. Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і осы уақытқа дейін ұзындығы 68,6 шақырымдық электр жүйелерін жүргізген. Айта кетейік, биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс жұмыстары аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Сонымен қатар, Қаратау ауданында 70 көшеге асфальт төселеді. Асфальт төсеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында және «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Айта кетейік, Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Осыған сәйкес, талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin