• 30 апреля, 2025 10:01 дп

Шымкент қаласында жолдарды ұзарту және жөндеу жұмыстары қарқынды

Автор:admin

Апр 30, 2025

Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. Иә, Шымкент қаласының тұрғындары да шаһардың гүлденіп, көркейіп келе жатқанын айтуда. Бүгінгі Шымкент – мемлекетіміздің өндірістік қарқындылығын арттыруда айрықша үлес қосатындықтан экономикалық даму саласында маңызды рөл атқарып отырғаны сөзсіз.

   Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жолдарды салу және асфальт төсеу жұмыстары жүйелендірілді. Шаһарымызда 2024 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 75% жеткізілді. Биыл көрсеткішті 90% жеткізу жоспарланған.

Өткен жылы жүргізілген көше-жол желісін паспорттау және диагностикалау нәтижесіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы — 3 899,5 шақырымды (6714 көше)құрайды. Оның ішінде:

Асфальтобетонды жабындысы – 2 847,6  шақырым;

Шағал тас – 564,4 шақырым;

Топырақ жолдар – 487,5 шақырым.

 

2025 жылы жалпы 1059 шақырымды құрайтын 850 көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 605 шақырым 540 көшесін жыл соңына дейін пайдалануға беру қарастырылған. Қалған көшелер 2026 жылға өтпелі.

Қалада көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ұзындығы 45,7 шақырымды құрайтын 15 ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда:

— Қонаев даңғылының жалғасының құрылысының жалпы ұзындығы               16,3 ақырымдықұрайды. Қазіргі таңда 2 және 5 кезеңдерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 2-кезеңі құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. (Түркістан көшесінен басталып Оңтүстік айналма жолы аралығын қамтиды. Аталған нысан Республика даңғылына баламалы жол болып табылады, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік ағыны Қонаев даңғылына бөлінеді деп күтілуде.)

 

Автор: admin