• 19 мая, 2024 10:18 пп

Шымкент: Қайнарбұлақтағы инфрақұрылым мәселесі өз шешімін табуда

Автор:admin

Окт 14, 2023

Инженерлік желілердің тозуы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселесі болды және болып қала береді.  Қолда бар статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың аяғында электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау секторындағы кәсіпорындардың тозу дәрежесі сыни 71,7%-ды құрады, оның ішінде құрылымдардың тозуы 78%, машиналар мен жабдықтардың тозуы 62,2%.  Жалпы, инженерлік желілердің тозуының жоғары деңгейі төтенше жағдайлар санының артуына алып келеді және азаматтарды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сапасын төмендетеді. Осы мәселенің алдын алу үшін бүгін Шымкент қаласының әкімдігіне қарасты салаға жауапты басшылары  Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда  ауыз су тарту жұмыстарын тексерді. Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде. Биыл мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады. Шымкент қаласының әкімдігі құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді. Сонымен қатар «Бозарық» индустриалды аймағына инфрақұрылым жүйелері тартылуда. Мемлекет Басшысы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген-ді.  Бұл бағытта қаламыздың ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту арқылы қолға алу көзделген. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімдігі индустриалды аймақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады. Ішкі және сыртқы жолдар үшін конкурс өткізілуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin