• 19 мая, 2024 11:20 дп

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫ: КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ХАЛЫҚҚА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТИІМДІ БАҒАДА ТҰТЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Автор:admin

Июн 3, 2023

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Бірақ, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдаулар және әкімшілік реттеу жүргізіліп жатқанмен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейде емес. Шаруашылық салаларын алатын болсақ, саудадан басқа жерде шағын және орта кәсіпкерліктің жетекші ықпалы байқалмайды. Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа, мемлекет, кәсіпкерлікті қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекеттік атқарушы органдары арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдармалардың көмегімен де, әр ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған стратегиялар көмегімен де жүзеге асырады. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 200-ге жуық сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі  белгіленген бағада сатылып келеді. Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын 300-ге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл бағытта қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен келісім-шарттар түзілген. Бұл шаралар қала тұрғындарына ең қажетті тамақ өнімдерін  тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру үшін шаруа қожалықтарымен баға өсімінің алдын алу бойынша форвардтық келісім-шарттар түзілді. Күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша  2 мың тоннаға форвардтық келісім-шарт түзіліп, тауарлар 2023-2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары апта сайын қаланың 8 нүктесінде ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтан 10-15% төмен бағада сатуда. Тауар бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында құзырлы мекемелер арнайы комиссия құрып, жеткізу қызметімен айналыстын дистрибьюторлардың босату бағаларына электрондық шот-фактуралар арқылы тұрақты түрде  талдау жүргізіп келеді. Бүгінде базарлар сауда желілерімен өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуде.  Жалпы қала аумағында қазір азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ,  халық көп тұтынатын тауарлар тұрақты бақылауда.

Jsk ақпарат

Автор: admin