• 20 апреля, 2024 7:48 дп

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Автор:admin

Янв 20, 2023

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тараз, Сайрам, Теріскей және Күншығыс шағынаудандарының халқымен кездесті.

Кездесу барысында жыл басталғалы қаламыздағы елді мекендерді аралап, ел ішіндегі өзекті мәселелермен танысып келеміз. Баршаңызға мәлім, бесінші аудан — “Тұран” ауданының құрылуына байланысты шекараны бекітуде бірқатар өзгерістер орын алды. Осының негізінде Әл-Фараби ауданының шекарасы өзгеріп, Еңбекші ауданынан халық саны 60 129 құрайтын 10 шағынаудан, 364 көпқабатты тұрғын үй өтті. Атап айтқанда, Тараз, Сайрам, Теріскей, Күншығыс, 11, 15, 16, 17, 18 және Шымкентстрой шағынаудандары қосылды. Енді жол картасы әзірленеді,- деді Мұрат Әйтенов.

Аталған аймақтарда инфрақұрылым мәселесі толық шешілген. Электр жарығы, ауыз су, табиғи газ және кәріз жүйелерімен 100% қамтылған.

Дегенмен, ауа райының қолайсыздығы, жел тұруы салдары кезінде жарықтың сөнуі жиі орын алатыны жасырын емес. Осындай олқылықтың алдын алу үшін қалада электр желілерінің жер астынан жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сондай-ақ, қала әкімі көпқабатты тұрғын үй аулаларына қойылған қоқыс контейнерлерінің тұрған орындарына тұрғындармен бірге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қолайсыз орындарды ауыстырып, ыңғайластыруы Әл-Фараби ауданының әкіміне тапсырды.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Тараз, Сайрам, Теріскей және Күншығыс шағынаудандарында атқарылған бұдан да басқа жұмыстар жайлы баяндап өтті.

Содан соң Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеренария, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармаларының басшылары халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және азаматтардың өз кәсібін бастауына қолдау көрсету бағытындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндірілді.

-Шымкент — өзге мегаполистермен салыстырғанда елді мекендері ең көп қалаға жатады. Қазіргі таңда бізде 81 елді мекен бар. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында көпшілік пікірін тыңдап, әрбір туындаған мәселені оң шешуге күш салудамыз,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

 

Автор: admin