• 29 апреля, 2024 6:43 пп

ШЫМКЕНТ: ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА НЕОНАТАЛДЫ ХИРУРГИЯ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Фев 7, 2024

 

🔷 Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.

🔷 Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды.

🔷 Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандарымен толықты.

🔷 Айта кетейік, Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып есептеледі.

 

Автор: admin