• 19 апреля, 2024 10:32 дп

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФРОНТ-ОФИС ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДА

Автор:admin

Апр 2, 2023

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп,  жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Соның ішінде, дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары жылба-жыл қабылданып жатады, бірақ олар жоспарланғандай жүз пайыз жүзеге асырылады деп айту қиын, мәселен, «Кәсіпкерлікті қолдаудың жеделдетілген шаралары туралы 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламада» кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кластерлік-желілік ұстаным негізінде құру жоспарланған болатын, бірақ көріп тұрғанымыздай, әлі жүзеге асырылған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетке елдегі кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше¬шуге тура келеді. Қорытындылай келе мынаны айтуға болады: Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың базалық қағидаттары мен кәсіпкерлік инфрақұрылымының негізгі институттары қалыптасқан, бірақ әлі де жеткілікті дәрежеде дамымаған, кәсіпкерлік саласының әлеуеті өте мол, сондықтан да оны дамыту қажет. Шағын және орта бизнес мемлекеттің бірінші драйверіне айналуы үшін кез-келген мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауына әсер етеді. Сондықтан мемлекет үшінде кәсіпкерлікті қолдау оны бағытта ұстау аса қажет. 2020 жылы іске қосылған  Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу,  539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді. Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кеңсе мекенжайы: Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы.

Jsk ақпарат

Автор: admin