• 19 мая, 2024 7:25 дп

ШЫМКЕНТ: «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА  42 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА       

Автор:admin

Июн 3, 2023

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу. Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаты — ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру арқылы «білім экономикасын» қалыптастыру болып табылады. Сыртқы факторлардың жағым­сыз әсеріне қарамастан, рецессияға жол бер­мей, экономикалық өсiмнің оң көр­сеткіштерін қамтамасыз етеді.  Жай ғана эконо­ми­калық өсу емес, сапалы эконо­микалық даму қажет. Өнеркәсіпке кең ауқымда ақпа­раттық технологияларды ен­гізу және қуат үнемдейтін өндi­рiс­терге көшу нәтижесінде Төртiншi өнеркәсiптiк революция басталуда. Мұның бәрi даму­дың жаңа моделіне көшу маңыз­дылығын арттырып отыр. Экономикалық өсу күрделі процесс. Ол-цикл тәрізді,белгілі бір іс-әрекеттің қамтылуын әрі қайталануын қажет етеді. Теориялар мен негіздерді қамти отырып, өзін-өзі реттейді. Осы орайды қөаламыздағы  «Жұлдыз» индустриялық аймағы бүгінде республикалық маңызы бар мәртебеге ие. 2021 жылы құрылған аймақтың  ауданы 306 га алып жатыр. Мұнда алдағы уақытта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, 200 млрд. теңгеден астам сомаға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Бүгінде аймақта инвестициялық құны 147,2 млрд. теңге құрайтын, 3мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, биыл 7,1 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу, 411 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Jsk ақпарат

Автор: admin