• 24 апреля, 2024 9:30 пп

Шымкент: Еңбекші ауданының 500-ден аса мұтаж отбасыларға азық-түлік себеттірі таратылды

Автор:admin

Апр 12, 2022

Бүгін, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әшірбаев Байкен Әшірбайұлының бастамасымен Рамазан айында «Халыққа көмек»партиялық жобасы аясында, 500-ден аса Еңбекші ауданының мұқтаж отбасыларына азық-түліктер себеттері таратылды.

Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналарға, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату мәслихат депутаты тарапынан жыл сайынғы үрдіске айналған.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Шахабқызы, аумақ басшылары, аудан тұрғындары, белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысқан аудан тұрғындары, ақсақалдар игі іс жасап жатқан мәслихат депутатына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Jsk ақпарат

Автор: admin