• 18 мая, 2024 6:34 дп

Шымкентің аудандары абаттандырылуда

Автор:admin

Сен 16, 2023

Халқы милионнан асып жығылатын мегаполисте атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Мемлекеттің саясатына байланысты әр ауданда ойын алаңшаларын салу жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Мәселен екі жүз мыңнан аса тұрғыны бар Еңбекші ауданында орналасқан 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді. Халық қатысатын бюджет. Аты айтып тұрғандай, бюджет қаржысының қайда, қанша жұмсалатынына қарапайым халық үлес қоса алады. Бүгінгі күнге дейін «мынша қаржыға несіне осыны жасаған немесе мен болсам мынаны жасар едім» деп күйініп жүрген болсаңыз, ойда жүрген идеяны жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік бар. Өзіңіз тұратын қаланың қаржысының тиімді жұмсалуына, тіпті бөлінген қаржыға қалалықтар игілігіне қызмет ететін тәуір жобаны ұсына аласыз. Жо-жоқ, ұсынысыңызды өткізу үшін ауызша айтып немесе жаза салмайсыз. Әбден зерттеп, жобасын сызып, қаржылық сметасын шығарып, тиынына дейін есептеп, дәлелдеп ұсынасыз. Алайда мұнымен іс бітпейді. Себебі бюджеттің әр тиынының сұрауы бар. Мұны бюджет қаржысын жұмсауға атсалысып, жүгіріп жүргеніңізде өзіңіз де сезінесіз. Халық қатысатын бюджетке үлес қосу үлкен жауапкершілік екенін түсінесіз. Қаламымызға арқау болған тақырып – «Халық қатысатын бюджет» жобасы. Бүгінде бұл жоба елімізде, тіпті өз қаламызда жүзеге асып жатса да мұны біреу түсініп, біреу түсінбей жүр. Сол себепті жобаның мәнін түсініп алғанымыз жөн. Яғни 2021 жылы 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылса, 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы көріктендіріліп, 11 кешенді балалар ойын алаңшалары салынды. Сондай-ақ, биыл 35 көпқабатты үй ауласы және 4 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта Тұран ауданында 92 ашық спорт алаңшасы бар. Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Еңбекші ауданы бойынша былтыр 18 көше жарықтандырылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылған. Ал, биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сонымен қатар өткен жылы су алу қаупі жоғары 21 мекенжайға ұзындығы 7 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды. 2023 жылы 13 көшеге 6 шақырым ирригациялық арықтар орнату жұмыстары басталды. Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin