• 25 апреля, 2024 2:27 дп

Шымкенттің инфрақұрылымы қалай дамиды?

Автор:admin

Дек 26, 2022

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елдімекен: Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ кестемен қамтамасыз етілуде.

Ал, кәріз жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда 54 пайызды көрсетіп тұр, биыл бұл көрсеткішті 60пайызға жеткізу жоспарланған.

Осыған байланысты 2022 жылы 19 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін 2 магистралды кәріз коллекторының (Арғынбеков кол, Тұран ішкі магистрал), 1 кәріз сорғы станциясы (Достық КНС) және Самал-3, Солтүстік шығыс, Солтүстік батыс, Жұлдыз елдімекендері мен Айша бибі  және Хлопзавод-Шолохов көшелеріне кәріз құбырын тарту құрылысы аяқталды.

Жыл қорытындысымен, 65 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады.

Электр қуатымен қамту бойынша, жыл басында қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елдімекенде электр қуаты сапасыз болатын. Олар: Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай елді мекендері.

Бүгін де Батыс пен Қайнарбұлақ елдімекендерінен басқа барлығында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде, биыл 23 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, қамту көрсеткіші98 пайызға жетпек.

2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Табиғи газбен қамту бойынша, қаладағы 81 елдімекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекен қамтылмаған.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 15 нысанда құрылыс жұмыстары  жүргізілді. Қазіргі таңда, 2 магистралды желі (Сәуле, Ақтас), 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, (Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран) 34 мыңнан астам адам табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік алды.

Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші  93%-дан —  94,7%-ға жететін болады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындары  2025 жылы 100% табиғи газбен қамтуға мүмкіндік алады.

Ал, қала көшелерін түнгі жарықтандыру бойынша, 2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жарықтандыру жұмысы жүзеге асып, 2021 жылы 104 көшеге жарықшамдар қойылды.

Нәтижесінде, орталық, әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін, 2022 жылға жоспарланған 104 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарық жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде қалада жарықтандырылған көше саны 426-ға жетіп, қамтылу көрсеткіші 43,4%-дан, 57%-ға өсті.

2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру көзделген.

Автор: admin