• 3 мая, 2024 1:22 пп

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында бірнеше жоба қолға алынған!

Автор:admin

Июн 16, 2023

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға «бір терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет — Shymkent Invest»   фронт-кеңсесі жұмыс жұмыс істейді. Мекеме кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сүйемелдеу және инвесторларға жолығатын шектеулерді жоюға көмектеседі.  Ал, инвестциялық жобаларға мониторинг жасап, мәселелерін шешу және қаланың жалпы инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штаб құрылған. Апта сайын өтетін штаб отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялық жоба бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы  тұрақты бақылауға алған. Жүйеленген жұмыс нәтижесінде 4 өнекәсіп аймағында 294,5 млрд. теңгеге 191 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Соның ішінде қазір 161,8 млрд.теңгеге 8,1 мыңға жуық жұмыс орнымен 128 жоба іске асырылған. Кәсіпорындар шоғырланған, кәсіпкерлік қарқынды дамып келе жатқан шаһарда инвестициясын салуға ниет білдіргендер отандық және шетелдік азаматтар жетерлік. Сондықтан болар, Шымкент қаласы 2022 жылдың қорытындысы бойынша бизнес ортасын жүргізуге қолайлы жағдай жасаған республикадағы ең үздік аймақ болып танылды. Республикалық маңызы бар қалалар қатарында Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктері артты. Қазіргі таңда жалпы аумағы 749 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша кеңейту, «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру және Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га-ға кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin