• 5 мая, 2024 12:15 пп

ШЫмкенттің дамуы: Шымкент ірі орталыққа айналды!

Автор:admin

Июл 3, 2023

«Жер шарын жеті айналып шықсаң да, Шымкенттей көркем қаланы, ондағы ыстық ықыласты табу қиын». Шымкент шаһары, қазақ жеріндегі ең қонақжай, меймандос қаланың бірі ретінде кеңінен танымал ғой. Бұған ешкім шүбә келтірмес. Күні қандай ыстық болса, тұрғындарының пейілі де сондай дархан. Шымкентке қадам басқандардың қайта келгісі кеп тұратыны да сондықтан шығар, бәлкім. Осыдан оншақты жыл бұрын небәрі 500 мыңнан сәл ғана асатын тұрғыны бар Шымкент шаһары бүгінде – миллиондар мекені. Өндірісі өркендеп, кәсіпкерліктің жандануы нәтижесінде Шымкент ірі орталыққа айналды. Мегаполистің тұрғындарына қажетті нысандар қазіргі таңда қаламызда бірінен соң бірі іске қосылып келеді. Қала мен елдімекендерді жалғайтын жолдар жөнделіп жатыр. Бала туу көрсеткіші жоғары шаһарда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің де саны артуда. Мәселен, былтыр Шымкентте 25 тұрғын үйге тапсырыс берілген болса, биыл 58 тұрғын үй салынды. Яғни, екі еседен аса көбейіп отыр деген сөз. Сондай-ақ былтырдың өзінде қала аумағында 5 бірдей саябақ бой көтерді. Бәрі де халықтың игілігі үшін! Өндіріс, кәсіпкерлік, құрылыс саласының қарқынды дамуы нәтижесінде соңғы 3-4 жылда қала қазынасы екі есеге жуық өсіп отыр. Тұжырып айтсақ, Шымкентті әлемдік түсініктегі мегаполиске ұқсаттыру үшін қазір қолдан келетіннің барлығы жасалуда. 5 жыл алдын мамыр айында Шымкентті Астана мен Алматыдан кейінгі еліміздегі миллион тұрғыны бар қалалардың қатарына қоылған болатын. Бұл мәлімдеме Шымкентке деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, бұл қала «мегаполис» ұғымына сәйкес келе ме деген сауалдың шетін шығарды. Әрине, мегаполис атану үшін халық санының сәйкес келуі мен құқықтық мәртебесінің ресімделуі жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Ел ішінде қазір «Шымкент мегаполис болса не өзгереді?», «Мегаполистің мүмкіндіктері қандай болмақ?», «Қаланың инфрақұрылымы мегаполиске сай ма?» деген сұрақтарды естіп қалып жүрміз. Көпшіліктің көкейінде бұл сауалдардың тууы да заңдылық. Мегаполис дегенде, ең алдымен, халық санына қарай туындайтын қажеттілік пен әлемдік стандартқа сай келетін инфрақұрылымдық жағдайды жасау маңызды екені белгілі. Әрине, 15 млн-нан астам халқы бар Мәскеу немесе 35 млн халық тұратын Токио мегаполисі секілді Шымкент ә дегеннен әлемдік түсініктегі «мегаполис» қалалардың қатарына еніп кетпес. Десе де, еліміздегі үшінші қала қазір сол алып мегаполистерге бет түзеп, өзіндік келбетін қалыптастыруға кірісіп кетті. Бүгінде Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Шымкент шаһарының ірі серпінді жобалары, алға қойып отырған мақсат-міндеттер айдан анық. Жаңа мегаполисті дамыту мәселесіндегі қазіргі жағдай, агломерацияны тиімді, үйлесімді әрі теңгерімді дамытуды қамтамасыз етудің жоспарлары мен әлеуеттері күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Сондай-ақ, қаланы дамыту жоспары, нақтырақ айтқанда, іске асырылатын ірі жобалар әліде талқыланып жатыр. Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесін беруі кезінде өңірдің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстар тарту орталығы болуы үшін барлық қажетті жағдайлары мен әлеуеті бар екені сөзсіз. Қала мәртебесі тұрғысынан Шымкент агломерациясын дамыту бойынша әкімдік атқарып жатқан жұмыстар мен мақсатты индикаторлар өзектілігін жоғалтпайтыны белгілі.

Jsk ақпарат

Автор: admin