• 26 апреля, 2024 11:49 пп

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР ДИЗАЙНЕРЛЕР КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАБЫСТЫ ӘРІ КРЕАТИВТІ ӨНІМДЕР ЖАСАУҒА ДАЙЫН

Автор:admin

Апр 3, 2023

Шымкент дизайнерлері өңірдің креативті экономикасының дамуына зор үлес қоса алады. Бұл туралы олар Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесіне мүше дизайнерлер қауымдастығының отырысында мәлімдеді. Қауымдастық осыдан бір жыл бұрын құрылған. Бастапқыда үшінші мегаполистің киім дизайнерлерін біріктіру міндеті қойылған. Бірақ жыл ішінде қауымдасьық көптеген шығармашылық бағытта жұмыс істейтін 120 дизайнер қалыптасты. Қазіргі кезде оған киім дизайнерлерінен басқа этно-қолөнершілер, аксессуарлар мен ойыншық шеберлері, арт-дизайнерлер, суретшілер, интерьер мамандары мен сәулетшілер, модельдік кастинг агенттігі, балалар киімін жасаушылар және басқалар кіреді.  Қауымдастықты Жанна Байтелиева құрды. Шебердің айтуынша, бір жыл ішінде қауымдастық 30-дан аса тартымды жоба,ы іске асырды. Белсенді дизайнерлер арқылы Шымкент қаласының мамандары халықаралық алаңдарға дейін шығып жүр. «Шымкентте кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар көп. Біздің өңір әрқашан шығармашылық бастамалар бойынша лидер болып келеді. Әсіресе, қазір Шымкентте белсенді түрде ілгерілеп келе жатқан туризм саласы дизайнерлердің қолында. Бүгінгі таңда креативті экономика және креативті салалар туралы көп айтылады. Дизайнерлер тіліндегі шығармашылық индустрия дегеніміз не? Бұл дегеніміз 70 долларлық көйлек тігіп, оны 700 долларға сату. Шымкенттік дизайнерлерде шығармашылық әлеуетті және жалпы креативті экономиканы дамытуға күшті серпін бере алатын көптеген жоба бар. Біз шетелге өте сапалы және эксклюзивті өніммен шыға аламыз. Бұл межеге мемлекеттік органдармен бірлесіп тезірек жетуге болады», – деп атап өтті Жанна Байтелиева. Дизайнердің айтуынша, креативті индустрияларды дамытуға бағытталған елдерде креативті индустрия секторы қолдайтын тиісті стратегиялар мен бағдарламалар қабылданған. Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Әділжан Датқаев атап өткендей, креативті индустрияларды дамытудың заңнамалық негізі біздің елімізде де пайда болды. «2022 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Кәсіпкерлік кодексіне түзетулер енгізілді. Өзгерістер шеңберінде Қазақстанда әкреативті индустриялар» ұғымы ресми түрде бекітілді. Қабылданған түзетулер олардың дамуына қосымша серпін беретін мемлекеттік деңгейдегі алғашқы, бірақ маңызды қадамдардың бірі. Бұдан былай креативті индустриялар саласында жұмыс істейтін бизнес мемлекеттік қолдауға сене алады», — деп атап өтті Әділжан Датқаев. Бұл саланың өңірде қалай дамып жатқаны туралы қалалық туризм басқармасының бөлім бастығы Жанар Махажанова айтты. Оның айтуынша, Шымкентте креативті индустрия саласында 3556 кәсіпкер жұмыс істейді. Бұл қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының 3 пайызын құрайды. Шымкентте креативті экономиканың екі әлеуетті бағыты анықталды: IT және кинематография (оның ішінде телевизиялық қызмет және музыка). Бұл салаларда қалада 385 кәсіпкер тұтынушыларға өз қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, спикер Шымкентте креативті хаб құру жоспарда екенін айтты. Шеберлер өздерінің инновациялық өнімдері мен қызметтерін құра алатын, идеялармен алмасып, өз ойын білдіре алатын, өзінің бірегей шығармашылығының нәтижелерін көрсете алатын кеңістік жасалады. Бұл хаб шығармашылық салалардың үздік өкілдерінің әлеуетін жинақтайды.

Jsk ақпарат

Автор: admin