• 2 мая, 2024 5:52 дп

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІК БЕСТІК ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Автор:admin

Авг 9, 2023

 

🔷 Жақында 2 тамыз бен 7 тамыз аралығында Ақтау қаласында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті.
Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен үзеңгі қағыстырған болатын,
Соның ішінде біздің Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды.

🔷 Шартараптың шахматшылары арасынан суырылып үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен алғыс білдіре құттықтаймыз!
ҚР Президент Қ.Тоқаетың тапсырмасвна сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында қазір шахматқа ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы Шымкент қаласы биыл төртінші жыл бастауыш сыныптарда 100 пайыз оқушыларға шахмат пәні үйірме ретінде енді.
Яғни, шахмат оқыту жаппай мектеп пәніне үйірме ретінде енгізілгеннің арқасында лицей командасы әлемдік чемпионатта өз білімдерін дәлелдеп шықты. Алдағы уақытта да біздің

🔷 Шымқаламыздан талай еліміздің намысын қорғайтын мықты да үздік шахматшылар шығады деген сенімдеміз!
Шахматты мектеп табалдырығынан игеру — болашақта баланың зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы, өресі дамыған зерделі де зерек болып шығатынының кепілі.

Автор: admin