• 3 мая, 2024 2:23 дп

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛЫП, 1500-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН!

Автор:admin

Июн 6, 2023

Шуақты Шымкент қаласы бұрыннан-ақ іскерлік байланыс пен экономикалық әлеуеті зор, туризм мен кәсіпкерліктің орталығы саналған. Тұрғындары пысық келетін шаһарда соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысатын жандардың қатары артып, орта және шағын бизнес орындары көбейіп келеді. Кәсіп бастау – оңай іс емес. Сондықтан бұл салаға елімізде үлкен көңіл бөлініп келеді. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар, жобалар қолға алынып, кәсіпкерлік саласының гүлденуіне жол ашуда. Мұндай мүмкіндікті шымкенттіктер де құр жібермей, мемлекеттік көмекті пайдаланып, кәсіп бастап, әрі қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосуда.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасына сәйкес Шымкентте 1500-ге жуық кәсіпкерге көмек көрсетілу жоспарланған.  «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жүргізілуде.

Биылғы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінші нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті.

Олардың ішінде:

— 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды;

— 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

— 768 адам жастар практикасына;

— 1289 адам қоғамдық жұмыс орыны;

— 652 адам алғашқы жұмыс орнына;

— 9 адам «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылды;

— 3 594 адам business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болды;

— 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілді;

— 1 675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданды.

Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Jsk ақпарат

Автор: admin