Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, жұжық, консерв өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді. Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базарқақпа елді мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС. 2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмысшы істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде. Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда. Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады.Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтің дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.
Jsk ақпарат