• 27.08.2026 18:44

Шымкентте 40 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылды

Автор:jsk.kz

Авг 27, 2026

 

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасы Бозарық шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Баспана кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.

Жалдамалы тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді. Олардың қатарында жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасылар және баспанаға мұқтаж өзге де тұрғындар бар.

Жаңа пәтерлер 1, 2 және 3 бөлмелі. Тұрғын үй толық әрленіп, қажетті инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

«Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту басқармасының басшысы Данияр Тайшекеновтің айтуынша, тұрғындар пәтерді жалға алу барысында банк несиесі бойынша пайыз төлемейді. Сонымен қатар баспананы кез келген уақытта сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Жалдау ақысы пәтердің бөлме санына қарай белгіленеді. Бір бөлмелі пәтер үшін айына 10 мың теңгеге дейін, екі бөлмелі пәтер үшін 15 мың теңгеге дейін, үш бөлмелі пәтер үшін 20 мың теңгеге дейін төленеді. Жалдау мерзіміне шектеу қойылмайды.

Автор: jsk.kz