• 29 апреля, 2024 2:10 пп

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢ ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ОЗЫҚ ҮЛГІДЕ МЕКТЕП САЛЫНДЫ

Автор:admin

Дек 21, 2023

 

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрсәт тұрғын алабында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында салынған жаңа мектептің жай-күйімен танысты.

🔷 Жеке инвестор есебінен салынған білім ошағы – 1 425 орындық, сыйымдылығы 3 000 оқушыға арналған. Жабық 2 спорт зал, 2 ашық алаң, 140 оқу кабинет және 480 орындық акт залы бар. Медициналық кабинет қамтылған. Асхана бір мезетте 500 баланы қамтамасыз ете алады. Ғимарат 3 қабаттан тұрады, ауданы 27234,1 шаршы метрді құрайды.

🔷 Заманауи үлгіде салынған мектептің сапасын бақылаған қала әкімі жоғары баға берді. Осы орайда жеке инвесторға қаланы дамытуда игі бастамасы бар әр кәсіпкерге қолдау болатынын жеткізді.

🔷 Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі Нұрсәт, Нұртас, Тассай, Мирас шағын аудандарының балаларын қамтиды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin