• 02.09.2026 16:37

Шымкентте 23 жас сарбаз әскерге аттанды

Автор:jsk.kz

Сен 2, 2026

 

Шымкентте 23 шақырылушыны мерзімді әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті.

2 қыркүйек күні Шымкентте жас азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салуға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Биылғы шақырылым аясында 23 жас сарбаз әскери қызметке аттанды.

Жас сарбаздар Жамбыл облысына жіберіліп, онда әскери дайындықтан өтіп, әскери мамандықтарды меңгереді.

Шараға шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары, қоғам өкілдері және әскери сала мамандары қатысты. Полковник Әбдіғабит Шегебаев жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери міндетті абыроймен атқаруға шақырды.

Сондай-ақ шара барысында Кинологиялық қызмет мамандары мен арнайы жасақ жауынгерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Жауынгерлердің кәсіби дайындығы мен әскери шеберлігі жас сарбаздарға таныстырылды.

Шығарып салу рәсімінде ардагерлер әскери қызметтің жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

Жас сарбаздарға әскери қызметтерін абыроймен атқарып, елге аман оралуына тілектестік білдірілді.

Автор: jsk.kz