Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 және6698 әскери бөлімдері ұйымдастырған Халықаралықбалаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Шаралар әскери бөлімдердіңаумағында да, қалалық қоғамдық орындарда даөткізіліп, әскери қызметшілер мен олардыңотбасыларына қуаныш пен бірлік атмосферасынсыйлады.
Шымкенттегі ең көне әскери бөлімнің бірі 6506әскери бөлімі 1961 жылдан бері тәртіп пенқауіпсіздікті сақтауда. Бұл күні ол әскериқызметшілердің балаларына есігін айқара ашып, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.
Бөлім аумағында анимациялық аймақтарқойылып, онда балалар байқауларға қатысып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге билеп, ән айтты.Балалардың танымал әуендерін орындаған әскериоркестрдің қойылымы ерекше назар аударды, бұлбарлық қатысушылар үшін мерекелік көңіл-күйсыйлады.
Сонымен қатар, балалар әскери техникамен жәнежабдықтармен танысып, естелік фотосуреттертүсіруге мүмкіндік алды. Мереке барлық кішкентайқонақтарға естелік сыйлықтар мен тәтті тағамдартабыстаумен аяқталды.
— «Менің жас достарым, Сіздер тек ата-аналарүшін ғана емес, бүкіл ел үшін ең қымбатсыздар.Сіздер біздің болашағымыз, даңқты істеріміздіңізбасарларысыздар. Елдің болашағы Сіздергебайланысты. Осы айтулы мереке күні өздеріңізгеденсаулық пен оқуда табыс тілеймін. БіздіңОтанымыз — Қазақстан Республикасының лайықтыазаматтары мен патриоттары болыңыздар»,— деді6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие жәнеәлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегіорынбасары подполковник Бауыржан Шораев.
Сонымен қатар, 6698 әскери бөлімі Шымкентқаласының Дендросаябағында мерекелік іс—шараұйымдастырды. Мұнда әскери қызметшілердіңбалалары үшін түрлі ойындар, конкурстар меншеберлік сыныптары дайындалды. Балалар спорттықжарыстарға қуана қатысып, сурет салып, ашық ауадаойнады.
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде балалардықорғау күнін мерекелеу отбасылық құндылықтар менбалаларға қамқорлық жасаудың маңыздылығынкөрсететін жақсы дәстүрге айналды. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілер мен олардыңотбасылары арасындағы байланысты нығайтуға,сондай-ақ қоғамда Ұлттық ұланның оң имиджінқалыптастыруға ықпал етеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөзқызметі