• 20 мая, 2024 1:42 дп

Шымкентте әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті!

Автор:admin

Июн 7, 2023

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік органдар бизнеске қойылатын талаптарды қысқарту және мемлекеттік бақылау процесін автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл бақылаушы органдардың жұмысын жеңілдетуге, сондай-ақ бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптары қаралды, оған сәйкес тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілердің жалпы санының 5% — ын ғана тексерумен қамти алады. Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсуде. Жыл басынан қала аумағында 2 бірдей өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Атап айтсақ, Қаратау ауданында «AGROPARK KZ» ШҚ және Еңбекші ауданында орналасқан «IGM-CORPORATION» ЖШС. Қаратау ауданында орналасқан «AGROPARK KZ» ШҚ-ның аумағы 5,2 га құрайды. Жалпы инвестиция құны — 1 326,0 млрд. теңге. Аталған жобаға кеткен шығынның бір бөлігін өтеу бойынша мемлекет тарапынан 331,5 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді. Еңбекші ауданында орналасқан «IGM-CORPORATION» ЖШС-нің аумағы 4 га құрайды. Жалпы инвестиция құны — 1 050,0 млрд. теңге. Мемлекетті көрсетілген қолдау – 262,4 млн.теңге. Қала аумағындағы 2 бірдей өнеркәсіптік жылыжай кешенінде жылына 1 200 тонна көкөніс өнімдері өндірілетін болады. Қазіргі таңда жылыжай кешенінде көкөніс өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобалар аясында жүзеге асып отыр. Жылыжайдың ендігі мақсаты түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің санын арттырып, халыққа қолжетімді, әрі тиімді бағамен жеткізу.

Jsk ақпарат

Автор: admin