2026 жылдың 31 қаңтарында Ұлттық ұланныңШымкент қаласында орналасқан 6698 әскерибөлімінің кезекті шақырылымының жас сарбаздарыәскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдаған150-ге жуық сарбаз Астана, Атырау, Тараз, Алматы қалаларынан шақырылған болатын. Ленгер қаласында жасақталған оқу пунктінде жассарбаздар бір ай көлемінде әскери қызметтіңалғашқы дайындығынан өтті. Аталған салтанаттышараға әскери бөлімнің ардагерлері сонымен қатаржас сарбаздардың ата-аналары мен жақынтуыстары қонақ ретінде қатысып, ұлдарыныңқолдарына қару алып, әскери өмірге нық қадамбасып, елдің аманатын, Отанымыздыңтыныштығын қорғайтын нағыз жауынгер болуынаант беруінің куәсі болды.
Жас жауынгерлерге 6698 әскери бөлімініңкомандирі подполковник Бауыржан Нуралиев:«Әскери ант қабылдау – Отаныңа халқыңа ақтықдемің қалғанша адал болу, ел басын күн туғанда, барлық қиындықты мойнымен көтеру, қажет жердежан қию деген сөз. Ант – адалдық рухы, халқымызанттан атағаның – ардан аттағаның деген. Артылған аманат пен жүктелген сенімді абыройменатқарады деп сенеміз! Ұлттық ұлан қатарындақасиетті борыштарыңызды қырағылықпен, батылдықпен атқарып, аман-есен туған жергеоралуларыңызға тілектеспін», — деген құттықтауынарнады. Жас сарбаздарымыздың ант қабылдаурәсімінен кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, мерекелік концерткөрсетті. Жауынгерлеріміздің алыс-жақыннанкелген ата-аналары мен жақындары бөлімбасшылығымен сұхбат жасап, көкейкестісұрақтарына жауап алды.
Айта кетейік, алдағы уақытта әскери ант қабылдаған жас сарбаздар енді Шымкент қаласындағы түзеу мекемелерін күзету бойыншажауынгерлік қызмет атқаратын болады.
6698 әскери бөлімі
капитан Шынжігітова Малика
